БҚО-да қызылша өршіп тұр

Батыс Қазақстан облысында қызылша дендеп барады. Қатерлі дертті жұқтырғандар саны он есе көбейген. Жыл басынан 120 адам індетке шалдығып отыр.

Қазір облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 35 науқас ем алып жатыр. Емханаларда қосымша вакциналау жұмыстары қолға алынған. Жыл басынан 400 бөбекке екпе салынды. Жалпы облыстағы емдеу мекемелерінде 141 мың дана препарат қоры бар. Эпидимиологтар дәрігерлердің кеңесіне құлақ асқан жөн дейді. Себебі қызылша дертін жұқтырған 10 адамның 9-ы дер кезінде екпе салмаған.

Дергүл Ағаділова, облыстық Жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Науқастардың 95 пайызы екпе салдырмаған балалар. Бір жасқа толмаған нәрестелер. Қалғандары түрлі себептермен вакцинадан бас тартқан балалар. Олардың сырқаты тым ауыр тиеді. Су ішпей, қызуы көтеріліп, қалтырап, көздеріне жара шығып ауырады. Көп жағдайда өте ауыр болады.