Қостанайда жүрекке операция жасала бастады

Қостанай облыстық аурханасына  биыл ашық жүрекке  операция жасайтын маман шақырылып, қосымша жабдықтар алынды.

Өңірде жеті жыл бойы мұндай күрделі кардиохирургиялық операция жасалған емес. Өйткені маман жоқ. Науқастар амалсыздан Астана мен Алматыға сабылуға мәжбүр еді. Енді мұндай күрделі ем-дом Қостанайдың өзінде көрсетіледі.

Қостанай облыстық ауруханасында жеті жыл ашық жүрекке операция жасайтын маман болмады. Бұл әрине науқастарға жайсыздық тудырады. Биыл жағдай өзгерді. Алматыдан екі кәсіби кардиохирург жұмыс істеуге Қостанайға келді.

Асхат Өтебаев, Қостанай облыстық ауруханасының бас дәрігері:

- Ақпан айынан бастап, операцияны бастады. Дәл қазір бес операция ашық жүрекке өткзілді. Сонымен қатар өзіміздің реанитмотолог-канцизолог дәрігерімізді Алматыға оқуға жібердік. Бесінші наурыз күні жұмысқа шығады. Сонда толығымен барлық күшімізбен жұмыс жасауға мүмкіндігіміз болады.

Дәрігерлердің айтуынша жүрек операциясына жүгінушілер көбейіп барады. Оған мамандардан тыс, замануй құрал-жабықтар да қажет. Жақында облыстық ауруханаға қан тамырларын бақылап, бағалайтын ангиограф цифрлы қондырғысы сатып алынды.

Сергей Мусаев, Қостанай облыстық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

 - Бұған дейін жалғыз ангиограф болған. Ол аптасына жеті күн, 24 сағат қосуылы. Өйткені операцияға кезек көп, үлгіре алмаймыз. Енді жаңадан алынған замануй құрылғының арқасында күніне 17-18 науқасқа қызмет көрсетіп үлгіреміз деген ойдамын.

Ангиограф құралының көмегімен қан тамырларына, адамның басқа да мүшелеріне тіліксіз операция жасауға мүмкіндік бар. Және ол әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін жасалады.

Болат Қанапин, облыстық аурухананың ангиографиялық зертханасының меңгерушісі

 - Теріні тілмей-ақ тесу арқылы арнайы жіңішке қуыс тетікті өткізіп, ісікті қоректендіріп тұрған  қан тамырын анықтаймыз. Сол тамырды  жапсақ, ісіктің беті қайтып, ағза қалпына келе бастайды. 

Қазіргі кезде сегіз дәрігер осы жаңа құрылғының көмегімен операция жасайды. Әрине олар кардио, нейро, қан тамырлары бойынша түрлі бағытта жұмыс істейді. Жаз мезігілі олардың қатарын тағы 17 маман толықтырады.

Соңғы жылдары Қостанай облысында жүрек, қан тамыры аурулары жиілеп барады. Мамандардың айтуынша, күніне кем дегенде 6-7 адам инфаркпен тіркеледі екен. Медициналық қызмет сапасын арттыру үшін облыстық аурухана ішінен барлығы 75 керуерт орындық үш бөлім ашу көзделіп отыр. Ол жерлерде еліміздің әр өңірінен дәрігерлер шақыртыады.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг