Өскеменде су тасқынына қарсы дайындық күшейтілді

Шығыс Қазақстан облысының 7 ауданы су тасқыны болуы мүмкін қауіпті аймаққа жатады. Бұл туралы жергілікті әкімдік өкілдері хабарлады.

Күн райының жылынуына байланысты өңірде сақтық шаралары күшейтілді. Аудан-қала аумағынан 230 текше метр қар шығарылып, таудан аққан өзен арнасы тереңдетілді. Құтқарушылар өзара іс әрекетін пысықтап, оқу жаттығу өткізді.

ШҚО су тасқынына қарсы дайындықтың жоғары деңгейі жарияланды. Оқу-жаттығу осындай сценарий негізінде өткізілді. Өскемен қаласының маңында шоғырланған құтқарушылар әртүрлі жағдайға қатысты бірлесе атқаратын жұмыстарын пысықтады.

Амангелді Еңсегенов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Жеке құрам барлық дайындық жұмыстарын жасап жатыр. Қазіргі таңда облыс көлемінде 3600-ден астам жеке құрам дайын  деп айтуға болады. Оның ішінде 234 мотопомпа дайын, 75 жүзу қайықтары дайын.

Құтқарушылар жапа шеккендерді қауіпсіз аймаққа шығаруды және сорғыларды орнатып су басқан жағдайдағы жұмыстарын көрсетті. Өзеннен  өтуге арналған батпаққа да батпайтын техникалар сыналды. Кейінгі үш жылда аймақтардағы департаменттерге осындай көліктердің мың бес жүз данасы жіберілген.

Игорь Лапенлавский, облыстық ТЖД Жедел-құтқару тобының жетекшісі: 

 - Көліктер үлкен әрі жайлы. Бұрын біз заттарды тиеп, қайта түсіретінбіз қазір, барлығы алдын ала жүктеліп, дайын тұрады. Жасағымыз да су тасқынына сақадай сай.

Төтенше жағдайлар департаментінде 191 ұшқышсыз ұшатын апарат бар. Сала қызметкерлері соның көмегімен аймақты әуеден шолып, тиісті шешім қабылдайды. Құрылымдардың да жұмысы жүйелеп, байланыс орнатады.

Біз көріп тұрған көлік оқиға орын тікелей  көрсетеді. Жасанды жерсерікпен және Starlink жүйесімен байланыс орнатылған. Қажет жағдайда  түсірілген суретті бірден жібере аламыз. Көктемгі су тасқының алдын-алдын алу үшін аймақта 40 шақырым канал тазартылды. 70 км асатын арықтар мен тереңдетіліп, өзен жағалауы бекітілді.

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Вячеслав Ветлугин, Дмитрий Пыхтин