Жаңа Конституция жобасы: басты құндылық – адам

Жаңа Конституция әділетті Қазақстанның мықты құқықтық негізін қалыптастырады.

Ол заңдылық принциптерін нығайтуға, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге және әрбір азаматтың өз потенциалын жүзеге асырып, ел дамуына үлес қосуына мүмкіндік жасауға бағытталған. Осы тұста белгілі заңгер Аржан Сәдуақас жаңа Конституцияның жобасы – болашақтың бейнесін қалыптастырады деген пікірде. Онда басты құндылық – адам, оның қадір-қасиеті, білімі және жасампаздық әлеуеті деп көрсетілген. Сондай-ақ, преамбулада алғаш рет мәдениет, білім беру, ғылым және инновациялық қызмет негізгі бағыттар ретінде нақты айқындалған. Бұл зияткерлік әлеуетті нығайтуға және білім мен технологияларға негізделген экономика моделіне көшуге стратегиялық таңдау жасалғанын көрсетеді, - дейді заңгер . 

Аржан Садуақас, заңгер:

- Қазіргі таңда адам капиталын жоғарылату үшін ең маңызды құралдардың бірі ол әрине білім алу. Қолжетімділіктен бөлек, ол сапалы болу керек. Әлемдегі ең үздіктер қатарына кіретін университеттерді біздің елде филиал ашуы, ол біздің адам капиталының өсуіне алып келеді. Олар өздерінің елге, қоғамға деген пайдаларын тигізеді. Білім мен соттың әділ шешімдерінің арқасында капитал деп осыны айтамыз.