Петропавлда Конституциялық реформа талқыланды

Жаңа Конституция жобасында тұңғыш рет ғылым мен инновация мемлекеттің стратегиялық басымдығы ретінде айқындалды.

Парламент Сенатының депутаттары Петропавлда ұстаздар қауымымен кездесіп, маңызды құжатта білім беру саласына қатысты ұсынылған негізгі бағыттарды талқылады. Онда білім, ғылым мен инновация елдің жоғары құндылығы ретінде белгіленген. «Бұл салалардың бөлек норма болып бекітілуі - жаңа технологиялар мен жасанды интеллект дәуірінде адамдардың бәсекеге қабілетті болуына жол ашады», - дейді депутаттар. Кездесуде олар еңбек ұжымының сұрақтарына жауап беріп, ой-пікірлерін тыңдады.

Әсем Рахметова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Ұстаздар қауымына қатысты біраз жаңалықтар бар екендігін айта кетуіміз керек. Оның ішінде білім мен ғылым мәселесі Конституцияның негізгі кіріспесіне приамбуласына еніп отыр. Сонымен қатар елімізде Конституция адами капиталды дамытумен бірге білім мен ғылымға ерекше назар аударылып отыр.