Жамбыл облысында 738 тұрмыстық зорлық-зомбылық тіркелді
Жамбыл облысында жыл басынан бері әйелдерге қатысты 738 тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі тіркелді.
Жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында тәртіп сақшылары есепте тұрған 700-ден астам отбасының үйін аралап, түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізді. Бұл іске дағдарыс орталығының мамандары мен білім саласының қызметкерлері де қатысты. Жұбайына қол көтерген құқық бұзушылардың кейбіріне ескерту жасалып, айыппұл салынды. Ал бірқатары 20 тәулікке дейін қамауға алынып, сот шешімімен міндетті психологиялық көмек алуға жіберілді. Сондай-ақ полицейлер түнгі уақытта ойын-сауық орындарында ересектердің қарауынсыз жүрген жасөспірімді анықтады.
Манас Әбдікәрімов, облыстық ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы:
- Өмірлік қиын жағдайға тап болған 10 баласы бар 3 отбасы анықталып, олар туралы мәлімет мемлекеттік органдарға жолданды. Жалпы жедел профилактикалық іс-шара барысында 78 рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып нәтижесінде түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде ойын сауық орындарында жүрген 60-тан аса кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды.