Ақсу жастары жаңа Конституция жобасын талқылады

Өңір белсенділері облыс әкімі Асайын Байхановпен бірге адам капиталын дамыту, мемлекеттің әлеуметтік бастамаларын іске асыру тақырыптарын қозғады.

Ата заң жобасын талқылауда жастардың рөлі зор. Сондықтан басқосу ұжымының едәуір бөлігін жас мамандар құрайтын Еуразиялық энергетикалық корпорация алаңында ұйымдастырылды. Асайын Байханов мемлекеттің міндеті, даму үшін жағдай жасау, ал жастардың міндеті, сол мүмкіндіктерді пайдаланып, білім алу, кәсібилігін шыңдау және өз ісіне жауапкершілікпен қарау екенін атап өтті. Павлодар облысында 750 мыңға жуық адам тұрады және халықтың елеулі бөлігін жастар құрайды. 100-ден астам ірі кәсіпорын жас мамандарды жұмысқа қабылдауға дайын.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:

- Жастармен кездесу өткізу маған өте маңызды. Себебі жастардың ой-пікірі олардың көзқарастарымен бөліскенде ерекше қуат береді, ой тудырады. Сондықтан сіздердің ой-пікірлеріңізді тыңдауға жиналдым. Бұл өте маңызды шара. Біздің болашағымызға, әсіресе әр адамның құқығына, еркіндігіне, болашағына.