Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
Ақсу шатқалынан тамаша көрініс.
Ақсу-Жабағылы табиғи қорығының 100 жылдық мерейтойы қарсаңында туристерге арналған көру алаңы ашылды. Алып шатқалдың тереңдігі 300-500 метрге дейін созылса, жоғарғы бөлігінің ені 800 метрге дейін жетеді. Сондықтан тұмса табиғаттың көрінісі келушілерді қашан да таңқалдырып, тамсандырады. Жаңа көру алаң қорықтың көрікті жерлерін алаңсыз тамашалауға арналған.