Атырауда «Қауіпсіз балалық шақ» форумы өтті
Атырау облысында жасөспірімдер арасындағы қылмыс азаймай тұр.
Былтыр 127 заңбұзушылық тіркелген. Осыған байланысты өңірде «Заң мен тәртіп: Қауіпсіз балалық шақ» форумы өтті. Жиынға 300-ге жуық студент пен оқушы қатысты. Оларға буллинг пен сталкингтен қорғану жолдары түсіндіріліп, психологиялық қысым көрсетуге тосқауыл қою мәселелері талқыланды. Жастарға театрландырылған қойылым мен деректі фильмдер көрсетілді. Спикерлер түрлі оқиғаны мысалға келтіріп, әр қылмыстың жазасыз қалмайтынын атап көрсетті.
Әбдіғани Сейдуәлиев, облыстық ПД бастығының орынбасары:
- Мақсатымыз – қазіргі буллинг, сталкинг, қоғамда болып жатқан осы қылмыстардың алдын алу, түсіндіру жастарға. 2025 жылдың қорытындысымен жасөспірімдерге қатысты қылмыс 179-дан 156-ға төмендесе, жасөспірімдермен жасалған қылмыс 79-дан 127-ге өсіп отыр.