Жаңа Конституция – дамудың жаңа кезеңі
Шымкентте жалпыхалықтық референдумда 363 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді.
Жалпы 700 мыңға жуық адам конституциялық құқығын пайдаланып, өз таңдауын жасай алады. Осыған байланысты халықтық коалиция мүшелері Ата заңға енгізілген өзгерістер туралы ақпарат беріп, жаңа жобаның мәнін түсіндіріп жүр. Қазақстандықтар конституциялық өзгерістерге қолдау білдірді.
БЛИЦ
- Жаңа Конституцияның жобасында цифрлық құқықты қорғауға ерекше көңіл бөлінеді. Жеке деректерді қорғау. Оны біз қайдан көрсек болады!? Қазіргі таңда Жасанды интеллект минстрлігі пайда болып жатыр. Сонымен қатар, Кодекс пайда болып жатыр. Ол адамның жеке деректерін қорғауға одан сайын кепілдік береді. Жақсы үлесін қосады деп түсінеміз.
- Еліміздің дәстүрін, тілін, тарихи мұраларды сақтау принциптері қарастырылғаны бізді қуантады. Бұл біздің жастарымыздың, болашағымыздың негізгі кепілі деп қарастырсақ болады.
- Біріншіден, бұл цифрлық технологияларды енгізу азаматтардың тең құқығы. Яғни ақпараттарға тең қолжетімділік. Ақпаратты тең дәрежеде басқару. Екіншіден бұл құпиялылық мәселесіне келетін болсақ ол жеке деректердің қорғалуы.