Сауалнама: Конституция келешекті айқындайды

Жаңа Конституция жобасы – елдің жарқын болашағына негіз қалайды. 

15 наурыз күні халық таңдауына түсетін Ата Заңның жаңа жобасымен жіті танысқан ел тұрғындары осылай дейді. Тілшімізбен тілдескен көпшіліктің пікірінше жаңа Конституцияда білім мен ғылымды дамыту, азаматтардың құқын қорғау мәселелеріне баса мән берілген. Құқықтық нормалар айшықталып, «Әділетті Қазақстан» ұғымы мен «Заң үстемдігі» қағидасы басты бағыт ретінде белгіленген.