Пән таңдауға мән беру керек
Қаңтарда өткен ұлттық бірыңғай тестілеуде көп таңдалған пәндер – математика мен физика.
Мемлекеттік емтиханға қатысуға 187 мыңдай өтініш түсіп, барлығы дерлік қамтылған. 68 пайызы шекті балға қол жеткізді. Енді олар жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсе алады. Негізі аталған аралық сынақ жылына 5 мәрте өткізіледі. Бұл қаңтар, наурыз, тамыз айлары және мамыр мен шілде де ұйымдастырылады. Соңғы екі мезгілде тапсырғандар шекті бал алса, білім беру гранты конкурстарына қатысып, қайта бақ сынай алады.
Наужан Дидарбекова, Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары:
- Жалпы жиі таңдалатын комбинациялар математика, физика және химия, биология. Осы екі комбинация бір-бірімен ауысып отырады. Химия, биологиямен мысалы педагогикалық мамандыққа да баруға болады. Медициналық мамандықтарға баруға болады. Яғни мұнда таңдау мүмкіндігі көп берілгендіктен бұл комбинациялар орны ауысып отырады.
Білім – мұратқа жеткізеді. Бірақ «көп айтса көнді, жұрт айтса болды»,-деп ертеңгі күні шаң басып қалатын диплом үшін шапқылаудың қажеті шамалы. Себебі жоғары оқу орындары ұдайы жоғары мансапқа бастамайтынын ешкім жоққа шығармайды. Ал бойыңдағы қабілет-қарымыңды қолдана білсең қатардан қалмайтының анық. Сондықтан оқушыларды мектеп қабырғасынан неге бейім екенін білу маңызды.
Ерасыл Жұманбаев, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының басшысы:
- АҚШ-тың тесті бар. Сол қолданған. Бұл Оқу-ағарту министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы мемлекеттік мекемесімен бірге тесті әзірленді. Нақты айтсақ өткен жылы 100 мың оқушы мансаптық тестілеуден өткен болатын. Енді соның сараптау нәтижелері жүргізілуде. Онымен қоса біз оқу-ағарту министрлігімен білім беру бағдарламаларына керек болса өзгерістер енгізуге дайын боламыз.