Елімізге 15,7 млн шетелдік турист келген

Былтыр елімізге 15 млн 700 мыңнан аса шетелдік турист келген. Ал қонақ үйлер мен демалыс базаларының  жалпы табысы 270 млрд теңгеге жуықтаған.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 44 млрд теңгеге артық. Осылайша, еліміз Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық индексінде 119 елдің ішінде 66-сатыға жылжып, әлемдік туристік рейтингтегі позициясын нығайтқан. Туризм комитетінің ақпаратына сүйенсек, Қазақстанның тұмса табиғатын тамашалауға көбіне Ресей, Өзбекстан, Қытай, Үндістан, Германия, Оңтүстік Корея және араб елдерінің азаматтары келетін көрінеді.

Нұрбол Байжанов, ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы:

- 12 халықаралық туристік көрмеге қатысу жоспарланған. Сондай-ақ бұдан бөлек шетелдік мамандардың елімізбен таныстыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылы 12 елден 115 журналист, блогер және туроператорлардың өкілдері 16 ақпараттық турға қатысқан. Осы ақпараттың турлардың арқасында, 32 млн-ға жуық қаралымы бар 80-нен астам материал жарыққа шыққан.