Еңбек адамының құқығы қорғалады

Жаңа Конституция жобасында еңбек адамдарының құқығы мен қауіпсіздігін қорғауға ерекше басымдық берілген.

Жезқазғанға барған Сенат депутаттары Серік Шайдаров пен Советбек Медебаев кен байыту комбинатының жұмысшыларымен кездесіп, алдағы референдумның маңызын түсіндірді. Сенаторлар жаңа Конституция жобасына енгізілген өзгерістерге кеңінен тоқталды. Кен байытушылар Ата заң жобасымен танысқанын айтып, көңілден шыққан тұстарын атап өтті.

Серік Шайдаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Біздің бүгініміз бен ертеңімізді бағдарлайтын стратегиялық маңызды құжат. Сондықтан бей-жай қалып жатқан адам жоқ. Барлығы сол референдумға қатысамыз, қолдаймыз, түсінбеген жерлеріміз болса, сұрап аламыз деген жағдайларды айтып жатыр.