Құқықтық мәдениет – басты міндет
Заңды білмеу – жауапкершіліктен босатпайды. Алматыда «Әділдік пен қауіпсіздік» тақырыбында колледж студенттеріне арналған семинар-тренинг өтті.
Іс-шара Алматы автомеханика колледжінде ұйымдастырылды. Прокуратура, полиция өкілдері заң талаптарын түсіндірді. Суық қару ұстауға заңмен тыйым салынған. Интернет алаяқтардың алдауына сеніп дропперлік қызмет көрсеткендер де жауапқа тартылады. Есірткі тасымалдаушылардың жазасы да ауыр. Көп жағдайда жастар мұндай әрекеттің қылмыс екенін білмей, жауапкершіліктің ауыр екенін ескере бермейді. Психолог маман даудың алдын алу туралы ақыл-кеңесін айтты. Тренингтің мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және қауіпсіз орта құруға атсалысу. Мамандардың айтуынша мұндай кездесулер жиі өтіп тұрса, жастардың жауапкершілігі де арта түседі.
Темірбек Рахманов, Алматы автомеханика колледжінің директоры:
- Бұл іс-шараға Алматы қаласынынан 88 колледжінен тәрбие жөніндегі орынбасарлары, оқушылары және прокуратура мен полиция басқармасы өкілдері қатысып жатыр. Жасөспірімдердің тәрбиесін дұрыс жолға қою мақсатында өткізіліп жатыр.
Алмас Матеев, Жетісу ауданы Ювеналды полиция бөлімінің басшысы:
- «Закладчиктер» көбінесе интернет ресурстары арқылы келіп жатқан. Содан кейін көбісі білмейді. «Закладчиктің» не екенін, қалай өзі бейімделіп кеткенін де байқамай қалатын кездер болады. Мысалы 296, 297 баптар бойынша қылмысына қарай он жылдан жоғары беріледі.