Щучинскідегі жарылыс: жедел штаб құрылды

Щучинсктегі жағдайды бақылайтын жедел штаб құрылды.

Ол тәулік бойы жұмыс істейді. Штаб құрамында жергілікті билік өкілдері, төтенше жағдай департаментінің және денсаулық сақтау басқармасының мамандары бар. Қазір аймақтағы ахуал қалай?

Абзал Азаматұлы, тілші:

- Дәл қазір біз кешегі жарылыс болған жерде тұрмыз. Көріп тұрғандарыңыздай, дәмхананың сау тамтығы қалмаған. Бір қабатты ғимарат тұрғын үйге жапсарлас орналасқан. Бірақ жарылыстан үйге ешқандай зақым келген жоқ. 

Жалпы дәмхананың аумағы 300 шаршы метр. Соның 80 шаршы метрін қызыл жалын шарпыған. Жарылысқа байланысқа өңіде жедел штаб құрылды. Қайтыс болған және зардап шеккен адамдардың отбасыларына қандай көмек көрсетіледі?

Әсет Мұханбетжанов, Бурабай аудандық ұйымдастыру-бақылау жұмыстарының бөлім басшысы

Абзал Азаматұлы, тілші:

- Айталық, апатқа байланысты қылмыстық іс те қозғалды. Оқиға орнында құзырлы орган өкілдері тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Еске салайық, дәмханадағы жарылыс кеше түнде болды. Соңғы деректерге байланысты апаттан зардап шеккендер саны 28-ге жеткен. Жеті адам қаза тапты.