Ханойда дәмханадағы жарылыстан алты адам көз жұмды
Вьетнамда дәмханада жарылыс болып, 6 адамның өмірі қиылды.
Тағы 10-ы жараланды. Төтенше жағдай Ханойдың қақ ортасында болды. Жарылыстың күшті болғаны сонша нысанның күлі көкке ұшты. Көрші тұрған 10 шақты ғимарат бүлінді. Зардап шеккендер дереу ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, жарақат алғандардың кейбірі хәл үстінде жатыр. Жарылыс себебі әзірге белгісіз. Тергеу басталып кетті.