Щучинскідегі жарылыс: тергеумен арнайы комиссия айналысады

Щучинскідегі дәмханада болған жарылысқа қатысты тергеумен жеті министрліктің комиссиясы айналысады.

Қайғылы оқиғадан кейін Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі ведомствоаралық комиссия құрды. Оны сала министрі Шыңғыс Аринов басқарады. Бүгін ведомство басшысы Щучинск қаласына барып, жарылыстан зардап шеккендердің жағдайын білді. Министр оқыс оқиғадан зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды. Сондай-ақ ол өрттен зардап шеккен азаматтар емделіп жатқан Бурабай ауданының ауруханасына да барды. Зардап шеккендерді сапалы емдеп, тиісті күтім жасауды, сондай-ақ олардың отбасыларына қажетті психологиялық көмек көрсету жөнінде тапсырма берілді.