Қарағандыда Конституция жобасы талқыланды
Қарағандыда ғалымдар, оқытушылар мен студенттер жаңа Конституция жобасын талқылады.
Евней Бөкетов атындағы ұлттық зерттеу университетінде спикерлер бұл өзгерістер саяси жүйені жаңғыртуға және азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыруға бағытталғанын атап өтті. Жиында жаңа Конституция жобасы елдің әділетті әрі прогрессивті дамуына берік негіз болатыны айтылды. «Демократиялық құндылықтарды нығайтуға, азаматтардың ел басқару ісіне қатысуын кеңейтуге және мемлекеттік органдардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға жаңа Ата Заң оң серпін береді», - деді қатысушылар.
Бектас Жұман, Е.Бөкетов атындағы қарағанды ҰЗУ студенттер үйінің директоры:
- Кіріспесінде көрсетілгендей, мәдениет пен білім, ғылым мен инновациялар болашаққа бастайтын негізгі бағыттардың бірі деп көрсетілген. Бұл дегеніміз жастардың шынайы сұранысына берілген негізгі жауап деп білемін. Бір палаталы Парламент, Құрылтай мәселесі, халық кеңесі, Вице-президент институты бұның барлығы еліміздің ары қарай дұрыс дамуына зор ықпал етеді деген сенімдемін.