Атырау облысында кәсіпкерлікті қолдау артты
Биыл Атырау облысында бизнес жобасын іске асыру үшін мемлекеттен грант алатындардың қатары 1,5 есе көбейеді.
Былтыр 190 тұрғын қайтарымсыз грант алып, кәсібін бастаған. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың басым бөлігі көпбалалы аналар. Мүгедектігі бар бала бағып отырған отбасыларға да басымдық берілді.
Махамбет ауылындағы шағын тігін цехы 8 ай бұрын іске қосылды. Мына көздің жауын алатын сахналық көйлектер тігінші Айман Салихованың қолынан шыққан. Мұнай саласындағы өндірістік комбинатта 20 жылға жуық еңбек еткен Айман былтыр жұмыстан қысқарып қалған. Сосын аудандық Мансап орталығы арқылы курстан өтіп, мемлекет бөлген 1,5 млн теге грант алады. 6 баланың анасы қазір өз кәсін ашты.
Айман Салихова, грант иегері:
- Әртүрлі клиенттер тапсырысы бойынша киімдер, рестоврациялар арасында мектеп балабақшалардан тапсырыстар түсіп тұрады. Жалпы жақсы. Керек мамандық тігіншілік Отбасына аналараға пайдаңды тигізесің, нандығыңды табасың.
Ауданда мемлекет қолдауымен өз кәсібін ашқандар қатары артып келеді. Олар ауылдастарының қажетіне қарай жаңа кәсіп түрін көбейтіп, өзді-өзін қамтуға жұмыстануда.
Арыстанбек Кенже, тілші:
- Махамбет ауданы бойынша былтыр 20 тұлғаға 31 млн теңге көлемінде қайтарымсыз несие берілген. Оның ішінде тек ауылшаруашылығы емес, тігін цехы, кондитерлік цех ашқандар да бар. Ол жұмыс биыл да жалағасытын секілді.
Жыл басынан бері Махамбеттегі Мансап орталығына келушілер қатары күрт артты. Былтыр орталыққа 2800-дей адамнан өтініш түскен болатын. Оның 1400-ден астамы тұрақты жұмысқа орналасса, қалғандары түрлі әлеуметтік бағдарламаларға тартылған.
Дархан Мұхтаров, аудандық мансап орталығының директоры:
- Оның ішінде бесеуі мал шаруашылығына, 5 тігін шеберханасына, 3 аспаздық, 2 құс өсіру, және 4-уі әртүрлі саладағы бұйымдар шығару деген сияқты қызметтер көрсетеді Көбі, басым бағыты қызмет көрсету саласы. Биыл жоспарлап отырғанмыз 25 грант бөлу. Алдыңғы жылы грант көлемі 1,5 млн болса, биыл 1,7 млн тегеге дейін өсті.
Былтыр Атырау облысындағы «Мансап» орталықтарына 66 мыңнан астам азамат хабарласқан. Оның 39 мыңы жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ биыл 330 адам мемлекеттік грант алады. Грант бөлуде көп балалы аналар мен әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларына басымдық беріледі.
Арыстанбек Кенже, Айбек Байзақов, Жандос Рахметуллин