Жалпыұлттық коалиция мүшелері Ата Заң жобасын талқылады
Шығыс Қазақстан облысында Жаңа Ата заң жобасы талқыланды. Премьер-министрдің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастаған «Әділетті және Про-грессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелері өлкедегі зиялы қауыммен, этномәдени бірлестік өкілдерімен жүздесті.
Маңызды құжат талқыланып жатқан тұста жастардың да ой-пікірі тыңдалып, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берілді. Коалиция мүшелері өндірісті өлкедегі ірі зауытқа бас сұғып, еңбек ұжымымен ашық әңгіме өткізді.
Өр Алтайға келген Жалпыұлттық коалициясы мүшелері алдымен зиялы қауыммен жүздесті. Басқосуға өңірдегі ақын-жазушылар, ғалымдар мен қоғам белсенділері, этномәдени бірлестік өкілдері мен жастар қатысты. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша «Жаңа Ата Заң жобасын» мазмұны бойынша нағыз «халықтық» деуге негіз бар. 96-бапта бастан аяқ заңдылық мен әділеттілікке деген сұраныс қанағаттандырылған. Премьер министрдің орынбасары, Жаңа Конституцияның тұжырымдамасы Президенттің «Адал азамат», «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» сияқты тұжырымдамалардан тұратынына тоқталды. Жиналғандар да бұған көз жеткізді.
Сатыпалды Дәулеталин, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы:
- Жоба мәтінніде экология,халық денсаулығы,әлеуметтік тұрақтылық,қоғамдық келісім сияқты бағыттар алға шығады. Бұл қауіпсіздік деген ұғымға мүлде басқа көзқарас яғни елдің шынайы қауіпсіздігін адамның өмір сапасынан басталады деген түсінік қалыптасады.
Гүлмира Байыркенова, заң ғылымдарының кандидаты:
- Конститутцияда жарияланған құқықтар мен бостандықтарды қамтамасыз ететін кепілдіктер мен тетіктер нақты көрсетілген. Сот органдары адвакатураның дәрежесі конститутциялық деңгейде көтерілген. Президент, Конститутциялық сот адам құқықтарын қамтамасыз етудің ең негзгі символы және гаранты боп танытылып көрсетілген.
Коалиция мүшелері Өскемендегі Казцинк металлургиялық кешеніне бас сұқты. Түсті металлургия көшбасшысы бұл күнде 20 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отырған алпауыт кешен. Жұмысшыларға Жаңа конституция жобасының мазмұны түсіндірілді. Заңда әр адамның еңбегі мен тең құқылы болуына жете мән берілген.
Аяужан Байғазиева, зауыт зертханасының жетекші инженері:
- Мен өнеркәсіп саласында еңбек етіп жүрген әйел ретінде гендерлік теңдік пен әйелдірдің құқықтарын қолдау мәселелеріне ерекше көңіл бөліп отырғанын атап айтқым келеді.Бұл біз үшін тек әлеуметтік тақырып емес,күнделікті еңбек жағдайынла кәсіби өсуге және болашшаққа деген сеніме тікелей әсер ететін маңызды бағыт.
Премьер министрдің орынбасары Аида Балаеваның сөзінше, жаңа конституцияда жұрт көкейіндегі сұрақ толық қамтылған. Халықпен диалог тетігі күшейген. Коалиция өкілдері Жаңа ата заң жобасын қызыға талқылаған ұжымдардың бірі -шағын және орта бизнес өкілдерімен де кездесті. Аида Балаева жаңа құжатта жекеменшік құқығын қорғау кепілдіктері күшейетінін жеткізді. Демек тұрақты әрі сенімді іскерлік орта қалыптасады. Бұл тек қала емес, ауыл аймақтағы тірлікті де жандандырмақ.
Кенжеғазы Тоқтасынов, ШҚО Ауылшаруашылық тәжірибелік станциясының жетекшісі:
- Жаңа Конститутция жастардың ауылды өркендетуге атсалысуына мамандардың тұрақтап еңбек етуіне және агросектордың заманауи салаға айналуына берілген мүмкіндік.Сондықтан Жаңа Конститутцияны қолдаймыз.
Аида Балаева Жаңа Ата заң жобасында табиғатқа қамқорлықпен қарау ұстанымы да ұмытылмағанын айтты. Ал бұл туризмді дамытуға үлкен жауапкершілік жүктейді.Жиналғандар керемет табиғатымен танымал Кенді Алтай үшін дәл осы аталған бағыттың маңызы айырықша деп санайды. Коалиция өкілдерінің айтуынша, Жаңа ата заң жобасы Ел тәуелсіздігін тұғырлы ететін тарихи құжатқа айналмақ. Ал 15 наурызда Референдумға қатысып, дауыс беру ел болашағына бей-жай қарамайтын әр саналы азаматтың парызы.
Авторлары: Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов, Дмитрий Пыхтин