Қарағанды облысында Ассамблея жастары Ата заң жобасын талқылады
Қарағанды облысында Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар қанатының мүшелері жаңа Конституция жобасын талқылады.
«Достық үйі» ғимаратында өткен жиынға этномәдени бірлестіктер өкілдері, студенттер мен жас ғалымдар қатысты. Басты құжатта, жастардың болашағына бағытталған бірқатар маңызды жаңа нормалар қарастырылған. Мамандық таңдау еркіндігі, сапалы білім алу, шетелде оқу мүмкіндіктері, заманауи технологияларды меңгеру және табысты қызмет етуге жол ашатын бастамалар қамтылған. Сонымен қатар, жиын барысында Конституция жобасында ел бірлігі мемлекет тұрақ-тылығының, қоғамдық әділеттіліктің және тарихи-мәдени мұраны сақтаудың басты кепілі ретінде айқындалғанына ерекше маңыз берілді.
Валерия Цой, корей этномәдени бірлестігінің өкілі:
- Жаңа Конституция өзгерістер яғни көбінесе адамдардың құқығын қорғауға негізделген және технологияға негізделген. Яғни менің ойымша, әсіресе жастарға көптеген мүмкіндіктер береді, көп жерде жол ашады. Олардың идеяларын жүзеге асыруға көп жерде мүмкіндік береді.