Жаңа Ата заң - жаңа дәуірге жол ашады

Жаңа Ата заң жобасында қамтылмаған сала жоқ.

Тарихи құжатта адами капиталды дамытуға, білім мен ғылым әлеуетін арттырып, инновациялық шешімдерге жол ашуға мүмкіндік беру туралы жазылған. Руханият саласын өркендету мәселесі де бар. Жаңа Конституция жобасының мазмұнымен танысқан зиялы қауым өкілдері мен жастар бұл шешімдерді ерекше ықыласпен қабылдап жатыр.

Әмина Бақытбекова, С. Аманжолов ат. ШҚМУ студенті:

- Жалпы жаңа Ата заңдағы үшінші бапқа тоқтағым келеді. Бұл бапта білім мен ғылымға инновация жайына ерекше тоқталады, оның маңызы жайлы айтылады. Жаңа Ата заңның ерекшелігі сонда бұл біздің еліміздің дамуындағы үлкен маңызды шешім.

Уәлихан Тоқпатаев, жазушы, журналист:

- Қамтылмаған сала жоқ, соның ішінде өнер, әдебиет, руханият саласының азаматтары үшін де үлкен жетістік болайын деп тұр. Мынау зияткерлік меншікке ерекше мән беріліп отыр. Бұл осы саланың дамуына өріс ашады деп ойлаймыз.

Мәуліт Алмасбаев, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ғылыми қызметкері:

- Қазіргі сандық заманда адамдардың құқығын қорғау және де сандық орталарды залалсыздандыру басты орында болып табылады. Сондықтан бұл Конституцияның тармақтың ішіне енуі өте жақсы деп ойлаймын. Содан кейін өзіміз осы сандық технологиямен зертхана саласы бойынша жұмыс істегеннен кейін біздің саламыздың Конституцияда бекітілгені өте қуанарлық жағдай деп ойлаймын.