Жаңа Конституция: билік пен бизнестің байланысы
Мемлекеттік меншік пен жекеменшік тең дәрежеде қорғалады. Жаңа Конституция жобасында бұл айқын жазылған.
Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева осылай дейді. Айтуынша, жаңа құжат билікпен қатар бизнеске де жайлы. Енді елде кәсіпкерлікті қолдау қарқын алып, жеке секторды дамыту, жайлы инвестициялық орта қалыптастыру ісі ілгерлейді. Себебі Ата Заңымыз инвесторлардың құқығын қорғауға заңды түрде кепілдік береді. «Бұл –экономиканы дамытудың негізгі әрі нақты жолы», - дейді депутат.
Наталья Дементьева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Меншік құқығын қорғау. Жаңа Конституцияда мемелкеттік және жекеменшік тең дәрежеде қорғалады деп көрсетілген. Бұл өте маңызды. Өйткені инновация әрқашан тәуекелде болады. Кәсіпкерлер жаңа технологияларға, зерттеулерге, стартаптарға инвестиция салады. Егер олардың еңбегі және инвестициясы қорғалмаса, онда ешкім тәуекелге бармайды.