Семейде Конституцияның жаңа жобасы талқыланды. Сауалнама

Конституцияның жаңа жобасы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, шешім қабылдау үдерісінің тиімділігін арттыруға және билік пен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтуға бағытталған. 

Сонымен қатар жоба азаматтардың құқықтық қорғалу деңгейін күшейтуге басымдық береді. Мұндағы бастамалар Әділетті Қазақстан құру жолындағы жүйелі реформалардың заңды жалғасы. Көпшілік Ата заңға енгізілетін түзетулер елдің орнықты дамуына және демократиялық қағидаттардың нығаюына серпін береді деген сенім білдірді.

Сауалнама:

- «Жаңа заңда бала құқықтары толығымен қамтылып жатыр. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңдар күшейтіліп жатыр. Оның барлығы алдағы уақытта қоғамның дамуына септігін тигізеді деген сенімдеміз».

- «Заманға сай біздің басты құжатымыз Ата заң өзгеру үстінде. Ал бұл референдум дегеніміз халықтың ойымен, пікірімен демократиялық тұрғыдан жасалатын қадам».

- «Адам оның құқықтары мен бостандығы басты назарда екенін оның қатаң қорғалатынын көруге болады. Сондықтан қазір жасалып жатқан өзгерістер еліміздің дамуына септігін тигізетін бастама деп есептеймін».