Қазмедиа орталығында аруларға арналған мерекелік концерт өтті
Астанадағы Қазмедиа орталығы аруларды құттықтады. Халықаралық әйелдер күніне орай өткен кеште қонақтарға арнайы концерттік бағдарлама ұсынылды.
Еліміздің басты медиа алаңында ән шырқалып, би биленіп, классикалық музыка туындылары ойналды. Айта кетейік, Қазмедиа орталығында жалпы саны 1,5 мың қыз-келіншек қызмет істейді. 8 наурыз қарсаңында орталық ұжымындағы әйелдер әсерлі өнер көрсетілімдерін тамашалап, мерекелік күйге бөленді. Шара жылы лебіздер мен талантты жастардың шығармашылық концертімен жалғасты.
Жандос Әшірбекұлы, Қазмедиа орталығының бөлім басшысы:
- Қазмедиа орталығы Қазмедиа орталығында жұмыс істейтін барша қыз-келіншектерді мерекемен құттықтап жатыр. Соған қоса мен де барша Қазақстан әйелдерін, ата-аналарды, қыз келіншектерді наурыз мерекесімен, 8 наурызбен құттықтаймын. Отбасыларында бақыт, береке, әрдайым жақсылық болсын.