Құрлық әскерлері жаңа әдіс-тәсілдерді меңгерді
Құрлық әскерлері жаңа әдіс-тәсілдерді меңгерді.
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының полигондарында тактикалық-атыс даярлығынан нұсқаушыларға арналған алғашқы ауқымды курстар аяқталды. Дайындық бөлімшелердің қимыл-қозғалыс әрекеттеріне және қаруды кешенді қолдануға негізделген ұрыс жүргізудің заманауи әдістерін енгізуге бағытталған. Сондай-ақ жаңа стандарттарды енгізу мақсатында әскерде нұсқаушылар корпусы құрылды. Оның құрамына арнайы іріктеу мен оқудан өткен тәжірибелі қызметшілер кірді. Олардың міндеті – әскери бөлімдердің жеке құрамына тактикалық және атыс дайындығының заманауи әдістемелерін үйрету.
Ержан Мейірманов, «Оңтүстік» ӨҢҚ Әскерлері қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары:
- Тактикалық қарулы дайындық нұсқаушылары құрамына біз ең білімді, әскери қызметкерлерді таңдадық. Енді біздің басты міндетіміз жоғары стандартты әрбір сарбазға жеткізуін қамтамасыз ету.