Арқада ат құлағы көрінбейтін ақ түтек боран соғып тұр

Желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. Солтүстік батыс циклонның әсерінен бүгін елдің бірқатар өңірінде жел күшейіп қар, жаңбыр жаууы ықтимал.

Солтүстік пен Шығыста сырма жүреді деп ескертеді Қазгидромет мамандары. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылды. Мамандар қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.