Құтқарушылар автокөлікті қар құрсауынан шығарды
Қостанай облысында Денисов ауданы Перелески ауылынан 3 шақырым жерде құтқарушылар жоғары өтімді техникамен қар құрсауында қалған жеңіл автокөлікті тазартылған жол бөлігіне шығарып алды.
Көлік ішінде екі адам болған. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.