Құрылыс саласын цифрландыру қарқын алды. LIVE
Биыл елде 18,5 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Құрылыс қарқыны жоғары болады деп күтіліп отырған қалалар көшін Астана, Алматы және Шымкент бастап тұр.
Саланы жандандыру үшін құрылысты қаржыландыру, дайын пәтерлерді сатып алу, инженерлік инфрақұрылымды дамыту сынды мемлекеттік қолдау шаралары қатар атқарылады. Цифрландыру ісі де іркіліссіз жүзеге асуы тиіс. Игі бастаманың іске асу барысы бүгін үкімет отырысында талқыланды.
Цифрландыру ісін екінші жоспарға ысырып, «келешектің шаруасы» деп кешеуілдете беру енді жарамас. Маңызды өзгерісті осыдан үш жарым жыл бұрын Президент шегелеп тапсырған. Салаға салмақты өзгерістерді жыл басында қатар қабылданған қос маңызды құжат алып келгені белгелі. Цифрлық пен құрылыс кодексі елдегі құрылысты жаңа деңгейге көтеруге бағытталып отыр. Межелі міндеттің іске асу барысын жаңа ғана өнеркәсіп және құрылыс министр баяндады. Ерсайын Нағаспаевтың ақпарынша, құрылыс кодексі бірінші шілдеден бастап күшіне енеді. Құрылыс сапасы мен қауіпсіздігін арттыру үшін салаға қатысушыларға қойылатын талаптар күшейтілген. Лицензияларды электронды тексеру және инженерлерді кезең-кезеңімен сертификаттау енгізіледі. Тағы бір маңызды жаңашылдық үкімет азаматтар үшін мемлекеттік қолдау құралдарын алуды оңтайландыруға баса мән беріп отыр. Бұл дегеніміз бұған дейін қағазда түзілген ұзын-сонар кезектің жайы. Оларды толық цифрлық форматқа көшіру адам факторын азайтып, тұрғын үйді есепке алу мен бөлу рәсімдерінің ашықтығын арттырған.
Жансұлтан Матай, «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:
- Бүгінгі таңда «Өркен.кз» цифрлық платформасы іске қосылып, жұмыс жасап тұр. Ол қолданыстағы – интерфейс. Яғни қолданамын деген адам кіріп, сол арқылы қызметін ала алады. Алайда негізгі барлық процесс бірінші тұрғын үймен қамтамасыз ету ақпараттық жүйесін жасадық. Соның аясында жүзеге асырып жатыр. 2025 жылдың 24-мамырынан бастап 350 мың адам үйге мұқтаж азамат ретінде өтінім беріп, тіркеуге тұрды. Әкімдікте кезекте тұрған азаматтардың базасын да қабылдадық. Ол жерде 642 мыңның үстінде адам бар.
Өткен жылы қазақстанда 185 мың отбасы шаңырақ шаттығын тойлады. Құрылыстағы жоғары қарқын биыл да сақталмақ. Жыл соңына дейін Отбасы банк 70 мың салымшыға 1,6 трлн теңге жеңілдетілген ипотекалық қарыз беруді көздеп отыр. Осылайша, үйсіз-күйсіз жүргендерге 35 мыңнан аса пәтер үлестіріледі. Осы орайда, айта кетсем, үйсіздер үмітін маздатқан «Наурыз» бағдарламасы бүгін басталды. Өтінім қабылдау 31-наурызға дейін жалғаспақ. Тағы бір сүйіншілейтін жаңалық: қолжетімді баспанаға халықтың қолын жеткізу үшін елде коммерциялық ипотека көлемін арттыруға баса мән беріліп отыр. Үкімет басшысы мемлекеттік бағдарламаларға жүктемені азайтып, қосымша қолдау тетіктерін қарастыруды тапсырды. Олжас Бектенов Өнеркәсіп министрлігіне Ұлттық банкке және басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға бірлесіп, жобаның жаңа тәсілдерін әзірлеуге пәрмен берді.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
- Мемлекеттік бағдарламаларға жүктемені азайту мақсатында қолжетімді коммерциялық ипотеканы дамытып, көлемін ұлғайту қажет. Өнеркәсіп және құрылыс министріне ұлттық банкпен және басқа да мүдделі органдармен келісіп, екінші деңгейдегі банктердің коммерциялық ипотекасын және тұрғын үймен қамтамасыз ету құралдарын одан әрі жетілдіру бойынша жаңа тәсілдерді әзірлеуді тапсырамын.
Биыл елімізде 18,5 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек. Құрылыс қарқыны жоғары болады деп күтіліп отырған қалалар көшін Астана, Алматы және Шымкент бастап тұр. Саланы жандандыру үшін құрылысты қаржыландыру, дайын пәтерлерді сатып алу, инженерлік инфрақұрылымды дамыту сынды мемлекеттік қолдау шаралары қатар атқарылады. Цифрландыру ісі де іркіліссіз жүзеге асуы керек.