78 адам қар құрсауынан құтқарылды
Соңғы үш тәулікте 78 адам қар құрсауынан құтқарылды. Оның ішінде 7 бала бар.
Қолайсыз ауа райына байланысты жолда жүру қиындаған. Боран, көктайғақ, қатты жел салдарынан жолда 29 көлікке көмек көрсетілді. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды сақтық шараларын сақтауға, және қолайсыз ауа райы жағдайында алыс сапарларға шықпауға шақырады.