ШҚО-да сәбилерге шұғыл көмек көрсетілді
Шығыс Қазақстанда санитарлық авиация қызметкерлері егіз шақалақтың өмірін сақтап қалды. Зайсан ауданында дүниеге келген сәбилерге орталықтан білікті дәрігерлер көмегі қажет болған.
Алайда жер шалғай әрі күн райы бұзылып тұрғандықтан оларды Өскеменге автокөлікпен жедел жеткізу мүмкін емес еді,- дейді жергілікті мамандар. Сондықтан «Қазавиақұтқару» тікұшағын шақыртуға тура келген. Осылайша, кішкене науқастар бір жарым сағат ішінде, облыстық «Ана мен бала» орталығына жеткізілді. Ондағы медициналық қызметкерлердің айтуынша, қазір егіздердің жағдайы жақсы.
Марина Лискова, ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы:
- Құтқарушылар жедел қимылдап шақалақтарды білікті мамандар қолына табыстады. Жалпы осындай қысылтаяң кезде тікұшақ көмегі ауадай қажет. Әсіресе шалғай аудандардан науқастарды тасымалдау аса маңызды. Өйткені ондай сәтте әр минут санаулы.