«Бюллетеньді тіркейміз»: алаяқтар азаматтарды алдап жатыр
Алаяқтардан абай болыңыз!
Осы күндері бәзбіреулер азаматтарға қоңырау шалып, алдағы референдумға орай «бюллетеньді тіркейміз» деген желеумен SMS-код сұрауға көшкен. Тіпті кейбір мессенджерлерде өздерін «онлайн-дауыс беруді ұйымдастырушымыз» деп таныстырып, референдумға қатысушыларды «тіркеуден өткіземіз» деп, азаматтарды алдап жүр. Бұндай заңсыз әрекеттер болғаны жайында Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы хабарлады. Референдумда дауыс беру тек тиісті учаскелерде, қағаз бюллетеньді пайдалану арқылы жүзеге асады. Қоңырау шалу немесе SMS-кодтарды сұрату көзделмейді. Тұрғындарды белгісіз тұлғаларға дербес деректерін бермеуге және тек Орталық, аумақтық немесе учаскелік сайлау комиссияларының ресми ақпараттық хабарламаларына ғана сенуге шақырамыз, делінген ресми хабарламада.