Көкшетауда 125 отбасы баспаналы болды
Көкшетауда әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға төрт жаңа тұрғын үйден 125 пәтердің кілті табысталды.
Өңір басшысы баспана иелерін құттықтап, бұл көптен күткен маңызды сәт екенін атап өтті. Бұған дейін Сандықтау, Бурабай, Бұланды, Зеренді аудандары мен Қосшы қаласының тұрғындары жаңа пәтерге қол жеткізген болатын. Қоныс тойын тойлағандардың қатарында көп балалы аналар, мүгедектігі бар азаматтар, жетім балалар мен мемлекеттік қолдауға мұқтаж жанұялар бар. Айта кеткен жөн, былтыр облыста шамамен 700 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 6 658 отбасы баспанамен қамтылды. Көкшетауда 361 отбасыға пәтер берілді. Биыл тағы 700 мың шаршы метр тұрғын үй салу көзделген.