Наурызнама аясында 747 спорттық іс-шара өтеді
Наурызнама онкүндігі аясында 747 спорттық-бұқаралық іс-шара жоспарланған.
Мерекелік жарыстарға шамамен 150 мың адам қатысады. Іс-шара барлық өңірде, яғни ауылдардан бастап, облыс орталықтарында да өтеді. Бағдарламаға қазақ халқының дәстүрі мен мәдени мұрасын дәріптейтін ұлттық спорт түрлері енгізілген. Атап айтқанда, сайыскерлер қазақ күресі, асық ату, жамбы ату, тоғызқұмалақ, садақ ату, құсбегілік, аударыспақ, көкпар және теңге ілу жарыстарында мықтылық байқасады. Сонымен қатар мейрам аясында өткізілетін ойындар қатарында қой көтеру, жілік сындыру, ләңгі тебу, арқан тарту, алыптар сайысы сынды дәстүрлі ойындар бар. Бұдан бөлек, шағын футбол, волейбол, үстел теннисі және дзюдо турнирлері де ұйымдастырылады.