Саяси науқанда белсенділік танытқан азаматтар қатары артты

Саяси науқанда белсенділік танытқан азаматтар қатары артуда. Референдум учаскесіне келушілер қатары аз емес.

Мен қазір Мемлекеттік жас көрермен театрында орналасқан нөмірі 322-учаскеде тұрмын. Таңертеңнен бері мұнда дауыс берушілердің 33 пайызы өз таңдауларын жасаған. Көбіне зейнет жасындағы қариялар келген екен. Ал учаскеге тіркелген азаматтардың 45-і алғашқы рет өз дауыстарын бермек. Ал саяси науқанның әділ өтуін бақылау үшін мұнда 9 тәуелсіз байқаушы тіркелген. Оның дені Өзбекстан, Грузия елдерінен, Шанхай Ынтымақтастығы ұйымының атынан келіп, дауыс беру барысымен танысуда. Учаскелік комиссияның айтуынша, әзірге ешқандай заңбұзушылық тіркелген жоқ. Осы маңайда тұратын тұрғындар, учаскеге тіркелген азаматтар байыппен келіп өз таңдауларын жасауда.