Ұлытау облысында 127 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Live
Ұлытау облысында 140 мыңға жуық дауыс беруші тіркелген.
Электораттың шамамен 40 пайызы облыс орталығында тұрады. Жезқазғандықтар үшін 34 учаске жұмыс істеуде.
Біз облыс орталығындағы №3 мектепте орналасқан референдум учаскесінде тұрмыз. Бұл Жезқазғандағы ең үлкен учаскелердің бірі. Мұнда 2 мыңға жуық дауыс беруші тіркелген.
Жалпы Ұлытау облысы бойынша 136 447 дауыс беруші тіркелген. Өңірде 127 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның 76-сы қалалық, қалғаны аудандық жерлерде орналасқан. Аумақтық референдум комиссиясы дауыс беру барысында әзірге ешқандай тәртіп бұзу дерегі тіркелмегенін айтты. Облысқа қарасты 3 қалада мүгедектігі бар адамдар үшін бірнеше инватакси қызмет көрсетіп жатыр. Сонымен қатар Жезқазған мен Сәтбаевта сағат 06:00-ден бастап қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасымалдауда.