Халықтың 64,4% дауыс берді
Елде таңғы 07:00-де дауыс беру басталғалы 16:00-ге дейін халықтың 64,4 пайызы өз таңдауын жасады.
9 сағатта тіркелген статистиканы Орталық референдум комиссиясы жариялады. Өңірлер арасындағы көрсеткіш екі сағатта қалай өзгерді?
Шерхан Абзалұлы, тілші:
- Дәл қазір Орталық Референдум Комиссиясынан сөйлеп тұрмын. Байқасаңыз менің артымда БАҚ өкілдері қызу жұмыс үстінде. Олар да біз секілді әр сағат сайын өздеріңізге ақпарат таратуда. Ендеші сағат 16:00-де жарияланған ресми статистика мынадай. Дауыс берген өңірлердің басын әлі де Қызылорда облысы бастап тұр. Мұндағы халықтың 82 пайызы бюллетень алған екен. Екінші орынға Шығыс Қазақстан облысы шықса, үшінші орында Ақтөбе облысы. Одан кейін тізімде Қарағанды облысы, Шымкент шаһары және Түркістан мен Ақмола облыстары.
Әсел Жанәбілова, ҚР Орталық референдум комиссиясының мүшесі:
- Жетісу облысы 59,82%, Қарағанды облысы 57,32%, Қостанай облысы 56,51%.
Шерхан Абзалұлы, тілші:
- Қорытындылай келе 16:00-дегі дерек бойынша дауыс берушілердің саны 64,4 пайызға жетті. Бұл 8 029 286 тұрғын өз таңдауын жасады деген сөз. Сонымен қатар осыдан тура бір сағат бұрын, яғни Астана уақыты бойынша 16.00-де Вашингтон, Нью-Йорк, Оттава қалаларында референдум учаскелері ашылған болатын.