СҚО-да ауыл халқы дауыс беру шарасында белсенді

Солтүстік Қазақстан облысында 581 референдум учаскесі ашылды.

Мысалы, Қызылжар ауданының орталығы Бескөлде 6 дауыс беру орны құрылған. Өз таңдауын жасауға келгендердің қатарында халықтық ардагерлер хоры да бар. Өнер ұжымы осындай іс-шаралардан қалыс қалмайды. Осы жолы да дауыс беріп болған соң, ән мен жырдан шашу шашып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Жалпы облыс бойынша маңызды науқанға 360 мыңнан аса адам қатысады деп жоспарланып отыр.

Роза Ахметова, «Бескөл нұры» халықтық ардагерлер хорының мүшесі:

- Бүгін референдумға ұйқым келмей, жанталасып 08:00-де келіп, қыздармен кеңесіп, қандай өлең айтамыз, дайындалып, келіп қалдық. 82-ге келсем де, бүгін келмеймін, кісі шақырып, үйде дауыс беремін деп отыр едім. Жоқ, өз қолыммен салайын деп келдім.