Көркем гимнастика шебері Әлия Жүсіпова да өз таңдауын жасады

Жалпыхалықтық референдумда көркем гимнастика шебері, Олимпиада ойындарына қатысушы және танымал спорт қайраткері Әлия Жүсіпова да өз таңдауын жасады.

Ол Шымкенттегі №47 мектеп-гимназиясында орналасқан учаскеде алғашқылардың бірі болып азаматтық позициясын білдірді. Белгілі спортшы ел болашағына қатысты маңызды шешімдерге бей-жай қарамайтынын жеткізді. Сондай-ақ әр азамат үшін мұндай саяси науқандарға қатысудың маңызы зор екенін атап өтті.

Әлия Жүсіпова, Ұлттық гимнастика федерациясының президенті:

- Еліміздің спортшыларға деген көзқарасы өте жақсы. Спортшыларды өте жақсы қолдайды. Біз қандай жарыста жүрсек те, әрқашанда барып, әрине, өз еліміз үшін, өзіміз үшін барып белсенділік танытамыз. Қандай жарыс болса да.