Ақтөбеде байқаушылар барлық учаскені қамтыды
Ақтөбеде байқаушы ретінде тіркелген бірлестік өкілдері барлық учаскені қамтыды.
Олардың айтуынша, электорат белсенді болған әрі дауыс беру орындарында заң бұзу дерегі тіркелмеген. Саяси шараға дейін үкіметтік емес ұйымның 3 мыңнан астам мүшесі референдумның өту тәртібін зерделеп, тиісті дәріс алды.
Нұржан Шаңғытбаев, «Дауыс» қоғамдық коалициясының ОФ төрағасы:
- Бір айта кететіні, осы референдум ерекше. Бұл осы адам санының бірнеше рет артып отырғаны. Үлкен науқанға бей-жай қарамай, өзінің елі үшін, жері үшін отбасы үшін, балалары үшін таңертеңнен кешке дейін ата-әжелерімізден бастап жастарымызға дейін өте жақсы көңіл күйде сайлаушылардың келіп жатқан саны артып отыр.