Референдумды 38 елден 359 байқаушы бақылады

Республика бойынша референдум барысын 38 ел мен 11 халықаралық ұйымның 359 өкілі бақылады.

Олар дауыс беру үдерісінің ашық әрі әділ өтуін қадағалады. Байқаушылар сайлау учаскелерін аралап, кейбірі дауыс берушілермен де тілдесіп көрді. Шетелдік комиссия өкілдер азаматтардың белсенділігіне жоғары баға беріп, Қазақстанның болашағы зор екенін атап өтті.

Евген Шкопец, Словакия Республикасы сайлау және саяси партияларды қаржыландыруды бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия мүшесі:

- Бізге сенім білдіріп, референдумдарыңызды бақылауға шақырғандарыңыз мен үшін үлкен құрмет. Бүгін біз сегіз сайлау учаскесін араладық. Жалпы алғанда үдеріс Словакияда сайлау қалай ұйымдастырылса, соған өте ұқсас өтіп жатыр. Референдумның сәтті өтуіне тілектеспін және оның нәтижелері алдағы уақытта табысты жүзеге асады деп сенемін.