М. Әшімбаев: Референдум – ел дамуының бағдарын айқындаған тарихи оқиға

Референдум нәтижесі Мемлекет басшысының саяси бағдары бүкілхалықтық қолдауға ие екенін көрсетті. Ол – еліміздің ұзақмерзімді дамуының бағдарын айқындаған тарихи оқиға. 

Бүгін Палата бюросының отырысында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев осылай деді. Сондай-ақ ол өңір тұрғындарымен кездесіп, конституциялық реформаның ашықтығын қамтуға үлес қосқан Сенат депутаттарына алғыс білдірді. Бұдан бөлек, жиында бейсенбі күнгі отырыста қаралатын заң мен осы аптада болатын шаралар пысықталды. Алдағы күндері атом өнеркәсібін дамыту, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың қызметін жетілдіру секілді мәселелер қаралады деп жоспарланып отыр.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Өздеріңізге белгілі кеше жаңа Конституциясы жобасына байланысты республикалық референдум өтті. Мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне берік негіз болатын жаңа Ата Заңға азаматтар тұтас ел болып қолдау көрсетті деп сенімді түрде айта аламыз. Шын мәнінде бұл реформа Президентіміз Қ.Тоқаевтың Мемлекет басшысы болып сайланғалы бері жүйелі түрде жүргізіп келе жатқан саясатының дәйекті жалғасы. Осындай үлкен жұмыстың нәтижесі ретінде халық конституциясы қабылданып жатыр. Алдымызда жаңа Конституцияда туындайтын заңдарды уақытылы қабылдау міндеті тұр. Сондықтан енді ары қарай да бәріміз бірге Президентімізге, елімізге, мемлекетке қызмет ете береміз деп сенеміз.