Сенат спикері Қырғызстан Жогорку Кенешінің Төрағасымен кездесті

Мәулен Әшімбаев Қазақстанға ресми сапармен алғаш келген Марлен Маматалиевпен парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

Кездесу барысында тараптар Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы мен V Еуразиялық экономикалық форумның қорытындыларына назар аударды. Экономиканың негізгі салаларын цифрландыруға және жасанды интеллект технологияларын өзара мүдделерді ескере отырып қауіпсіз енгізуге арналған бірыңғай құқықтық базаны жедел қалыптастыру мәселелері де сөз болды. Сондай-ақ өңіраралық ынтымақтастықтың әлеуетін дамытуға қатысты міндеттер айқындалды.