Мәулен Әшімбаев ақша-кредит саясатына арналған курста дәріс оқыды
Астанада ақша-кредит саясатына арналған білім беру курсы басталды.
Семинардың ашылуында тыңдаушыларға Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Ұлттық банк Төрағасы Тимур Сүлейменов дәріс оқыды. Олар жаһандық және ішкі экономикалық үрдістер мен реформалар, сондай-ақ, ел макроэкономикасын жаңғырту тақырыбында өз тәжірибелерін ортаға салды. Биыл курсқа 80 адам қатысып жатыр. Олардың сапында Сенат жанындағы Сарапшылар клубының мүшелері мен Taldau мектебінің түлектері, түрлі сала өкілдері бар. Жиын 4 аптаға жалғасады. Мәулен Әшімбаев Қазақстандағы бизнес пен әлеуметтік саланың тұрақтылығын айқындайтын ақша-кредит саясатының тиімділігі ішкі және сыртқы факторларды кешенді түрде талдаумен байланысты екенін атап өтті.