Халықаралық байқаушылардың референдум жайлы пікірі қандай?
Күні кеше өткен саяси науқанды бақылауға әлемнің 38 елінен 133 байқаушы мен 11 халықаралық ұйымның 200-ден аса өкілі келген.
Осылайша, 360-қа жуық халықаралық байқаушы дауыс беру барысын қалт жібермей, қадағалап отырды. Олардың қатарында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының байқаушылар миссиясы да бар.
Кабылбек Мамбетаипов, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының байқаушылар миссиясының мүшесі:
- Референдумға дайындық жақсы жоспарланған екен. Техникалық жағы, безендірулері, қажетті ақпараттармен қамтуы жүйелі түрде жүргізілгені көрініп тұр. Мен өзім 11 учаскеге бардым. Сағат таңғы 10:00-ден 16:00-17:00-ге дейін жүрдік. Күннің суығына қарамастан адамдардың белсенділігі жоғары болды. Учаскелерде мерекелік көңіл-күй сезілді.