Референдумға арналған мерекелік іс-шара өтті
Референдум сәтті өтті. Жалпыұлттық коалиция өкілдері қорытынды жиында осылай деді.
Бүгін Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік филармонияда жаңа Конституцияның қабылдануына арналған іс-шара өтті. Отырыс соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Шара Жаңа Конституцияның қабылдануына арналды. Жиын барысында елорда жұртшылығы мен Жалпыұлттық коалиция өкілдері атаулы тарихи оқиғаның маңызын атап өтті.
Қанат Естек, Астана қаласы мәслихатының депутаты:
- Бұл – есеп беру емес. Еңбегі бағаланған концерт болып жатыр. Одан кейін қорытынды мәселесі – көзбен көріп, құлақпен еститін кезең.
Жаңа Конституция – тек саяси реформа емес, жастардың болашағына арналған құқықтық кепілдік. Білім алуға, еркін ой айтуға, өзін дамытуға мүмкіндік беретін қоғам қалыптастыру осы құжаттан басталады. «Себебі жаңарған Ата Заң жас буынның заң аясында қауіпсіз әрі жарқын өмір сүруіне жол ашады», - дейді мамандар.
Әсел Баденова, «Жаңа адамдар» қозғалысының көшбасшысы:
- Бүгін біз жаңа тарихи кезеңді құру сәтіне куә болып тұрмыз. Кеше Президент атап өткендей, Конституция – жастарға арналған нұсқаулық. Оның жаңаруы еліміздің саяси-құқықтық даму кезеңін көрсетеді. Ал бұл ел ертеңінің жарқын болуына ықпал етеді.
Жиын мерекелік концертке ұласты. Кешті өнерпаздар түйіндеді.
Авторлары: Әлішер Әли, Медет Қуанышбек, Ислам Махамбет