Наурыз нышаны – қызғалдақ гүлі

Наурыз айы басталысымен адамдар бір-біріне қызғалдақ гүлін сыйлауды дәстүрге айналдырғаны дұрыс.

Мұны 2016 жылы академиктер ұсынған. Араға 5 жыл салып, Мемлекет басшысы қырдың қызғалдағы – нағыз көктемнің нышаны деп, оны  Ұлы даладағы Ұлыс күнінің басты белгісі ретінде бекіту шешімін қабылдады. Осылайша Наурыздың символы айқындалып, мерекеге жаңа леп берілді. Жалпы жер бетінде осыдан 10-15 миллион жыл бұрын пайда болған осы гүлдің отаны Қазақстан. Елде оның 38 түрі өседі.

Батырхан Жұмабай, этнограф:

- Қызғалдақ біздің тұрмысымызда, ата салтымыздан бастап ою-өрнегімізге енді. Малдарымыз жетіп, төрт түлік мал-жаның аман ба дейміз, сол малдар жеп, соның сүтінен сауған сүттен алған майды қызғалдақ майы дейміз. Яғни емдік қасиеті бар дегендей. Әйел азаматтарына, ер азаматтарға түрлі медициналық бедеулік болса, соған қолданылатын болған. Негізі қызғалдақты беталды жұлмаған, ондай өсімдікке, әр өсімдікке өте ұқыпты қараған.