Оралда аз қамтылған отбасылардың балаларына мерекелік сыйлықтар табысталды

Күн мен түннің теңеліп, табиғаттың түрленер шағымен тұспа-тұс келетін Наурыз мерекесі шын мәнінде жаңғыру, жаңару мейрамы.

Ұлыстың Ұлы күнін балалар да асыға күтеді, таңғажайып қызықтар тосады. Мейрам қарсаңында Орал қаласында әлеуметтік аз қамтылған жанұялардың балалары мен ерекше жағдайды қажет ететін 300-дей бүлдіршінге сыйлықтар табысталды. Қала әкімдігі ұйымдастырған салтанатты кеште Қыдыр ата мен өзге де ертегі кейіпкерлері, түрлі қойылымдарды сахналап, жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Ақтолқын Қабиева, Орал қаласының тұрғыны:

- Өте қызықты өтуде. Керемет өтуде. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! Нанымыз көп болсын! Бейбітшілік заман болсын! Бүгін деген «Шаңырақ күні» мерекесі екен. Әрбір шаңырақтың отбасыларына бақыт тілеймін!

Арсен Ғұбашев, Орал қаласы әкімінің орынбасары:

- Кеше бір шара өтті. Бүгінде тағы да соның жалғасы ретінде тағы да 120 баланы қамтып отырмыз. Енді бұл жерде басты мақсат жалпы қала тұрғындарының сұранысына байланысты жалпы жаңажылдық ертеңгіліктерді осы наурыз форматында өткізу туралы ұсыныс түскен болатын. Сол ұсынысты біз қабыл алып, қазіргі таңда екінші жыл қатарынан өткізіп отырмыз.