Атырауда халықтың ЖИ пайдалану мәдениетін дамытатын іс-шара өтті

Атырауда халықтың жасанды интеллектті пайдалану мәдениетін дамыту мақсатында оқыту іс-шарасы өтті.

Цифрландыру және жасанды интеллект жылына орай «Digital Nauryz» аясында ұйымдастырылған семинарға 200-ге жуық студент қатысты. Оларға жасанды интеллекті күнделікті өмірде, оқу барысында, түрлі контент жасауда қалай қолдану керегі түсіндірілді. Сондай-ақ «Жасанды интеллекттің ұлттық платформасының» мүмкіндіктері таныстырылды. Өңір жастары заманауи цифрлық құралдарды жан-жақты меңгеріп, халықаралық байқауларда төбе көрсетіп жүр. 

Гүлзада Шакуликова, С.Өтебаев атындағы мұнай және газ университетінің ректоры:

- Өндіріс саласында да үлкен-үлкен жобаларға қатысып жатыр. Бұл не дегеніміз? Бұл жалпы студенттік өмірден бастап, біздің жастар үлкен цифрлық жүйені дамыту үшін үлкен жобалардың басында тұр деп айтуға болады.